Әлеуметтік желіде Өскеменде "маньяк" пайда болғаны туралы қауесет тарады. Полиция бұл ақпаратты жоққа шығарды. Дегенмен бұл қауесетке не түрткі екені белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қауесет саяжай аймағында табылған әйелдің денесіне байланысты болса керек, деп жазады YK-news.kz басылымы.
"Шамамен 45-50 жас аралығындағы белгісіз әйелдің мәйіті 13 тамызда "Турист" автобазасы (Аврора көшесі) маңындағы саяжайлардың бірінің шетінен табылды. Полицияның мәліметінше, денеде "көзге көрінетін дене жарақаттары "болған", делінген басылымда.
Сонымен қатар, әлеуметтік желіде қалада соңғы күндері маньяк пайда болғаны туралы қауесет желдей есуде. Мұны полиция жоққа шығарды.
"Таратылатын ақпарат шындыққа жанаспайды. Әлеуметтік желіні пайдаланушыларға бұқаралық ақпарат құралдарын немесе ақпараттық-коммуникациялық желілерді пайдалана отырып, көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік қарастырылатынын еске саламыз. Тек ресми дереккөздерге сеніңіздер", деп хабарлады ШҚО ПД баспасөз қызметі.