Алматы дәріханаларында сатылатын "Цефтриаксон" препараты 18 адамның қайтыс болуына әкелгені жайлы жалған ақпарат әлеуметтік желілерде қайтадан таратылуда, деп хабарлайды Zakon.kz.
Factcheck.kz мамандарының ақпараты бойынша, аталымыш жалған хабарлама алғаш рет 2023 жылдың қаңтар-ақпан айларында тараған болатын.
Ол кезде Денсаулық сақтау министрлігі ақпаратты жоққа шығарды.
Ал, қазіргі фейк ақпараттың сипатына назар аударсақ, ол мәтінге қосалқы жүретін жалған бейнемен (бір-бірімен байланысы жоқ) толықтырылған.
Бейнероликті ZTB онлайн-ресурсы 2021 жылдың 17 қарашасында жариялады және онда пандемия кезінде жалған дәрі-дәрмектердің цехын ұйымдастырған ОПГ мүшелерінің үкімі туралы айтылған.