Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыда есірткі жасырып кетуші қолға түсті

  • AstanaTV
  • 20 тамыз 2024
  • 185

Алматыда есірткі жасырып кетуші қолға түсті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жамбыл көшесіндегі үйлердің бірінің ауласында есірткі жасырып кетумен айналысқан 36 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды.

«Жеке тінту кезінде күдіктіден ақ түсті ұнтақты зат салынған 15 байлам, күдіктінің көлігінен тағы 30 дана осыған ұқсас байлам табылды және тәркіленді. Сот-химиялық сараптама тағайындалды. Аталған дерек бойынша Алмалы аудандық полиция басқармасы қылмыстық істі тергеп жатыр. Қаланы есірткімен қамтамасыз еткен арна да, ұсталған азаматтың жұмыс берушісі де анықталуда», - деді Алматы қалалық ПД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Мұрат Жұмабай.