Русский Сайттың толық нұсқасы

"Атом станциясының қауіпсіздігіне алаңдауға негіз жоқ ", - Е. Бейсенбаев

Атом станциясының қауіпсіздігіне алаңдауға негіз жоқ. АЭС салу бойынша жария талқылауда мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев осылай деді. Бір ғана мысал, Чернобыль мен Фукусимада болған ірі апаттан кейін де ресейліктер мен жапондықтар станциядан бас тартқан жоқ. Қазір екі елдің жалпы қуат көзінің 30 пайызын атом станциялары қамтамасыз етіп отыр. Францияның да 70 проценті қуат көзін осы жерден өндіреді.

Елнұр БЕЙСЕНБАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "AMANAT" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Әлемде барлық мемлекеттер көмірмен алынатын энергиядан бас тартып жатыр. Осыдан 12 жыл бұрын Бейжің қаласында болдым. Сонда Бейжіңнің барлық ТЭЦ-тарының 85-90 пайызы Бейжіңнен көшірілген. Сонымен қатар, біз кейде айтамыз, Қазақстанда локализация керек деп. Жаңа өндіріс керек, инвестиция керек дейміз. Қазақстанға инвестор келе алмайды. Егер де біз оған энергетикалық тұрақсыздықты қамтамасыз етпесек.

Депутат ел тарихында алғаш рет қоғамды мазалайтын маңызды сұраққа жауап іздейтін референдум өтетінін айтты. Халық қалаулысы бұл Мемлекет басшысы айтқан "құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасының іске асып жатқанының айғағы дейді.