Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстанда дәптерлері бар жүк көлігін өртеп жіберген адамды ұстау бойынша арнайы операция жүргізілді

  • AstanaTV
  • 21 тамыз 2024
  • 334

Ақтөбе облысында полиция қызметкерлері мектеп дәптері бар көлікті өртеп жіберген күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

2024 жылдың 21 тамызында облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі ер адамның қылмыс жасалғаннан кейін екі айдан астам уақыт іздеуде жүргенін хабарлады.

"Жаздың басында Мәртөк ауданында 20 тонна мектеп дәптері тиелген Mercedes-Benz жүк көлігі өртенген болатын. Күдікті қылмыс жасағаннан кейін екі айдан астам уақыт іздеуде жүрді. Келтірілген залал көлемі 54 млн теңгеден асады", — деп хабарлады ДП.

Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында күдіктінің тұрған жерін анықтап, оны қолға түсірді.