Ақтөбенің Мәртөк ауданының тұрғыны 20 тонна мектеп дәптері тиелген жүк көлігін түк қалдырмай өртеп жіберген. Артынша өзі қашып кетіпті. Полиция қызметкері екі ай іздеуде болған күдіктіні ұстады. Ол бұл әрекетті «Mersedes-benz » жүк көлігінің жүргізушісіне ерегесіп жасағанын мойындаған. Жүк көлігінің жүргізушісі Мәртөкке қонаққа барып, сол жерде күдіктімен сөзге келіп қалған көрінеді. Ақыры осындай жағдайға душар болған.
Ерболат САРҚҰЛОВ, ОБЛЫСТЫҚ ПД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:
Ол Мәртөк ауданының тұрғыны болып шықты. Ол жеке жағымсыз қарым қатынас нәтижесінде фураны өртеп, оқиға орнынан қашып кеткен. Келтірілген залал көлемі 54 млн теңгеден асты. Полиция қызметкерлерінің жедел іздестіру шараларын өткізу барысында күдіктінің тұрған жерін анықтап, ұстады.