Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыда мас күйінде жол ережесін бұзып, ізін суытқан күдікті Польшада қолға түсті

  • AstanaTV
  • 21 тамыз 2024
  • 225

2023 жылы Алматыда мас күйде көлік жүргізіп, қарсы бағыттағы жолаққа шығып, жол ережесін бұзған Грузия азаматы қолға түсті. Арам суға сылқия тойған күдікті талапқа бағынбастан, қарама-қарсы келе жатқан машинаға соғылған. Салдарынан жүргізушінің денсаулығына зақым келіп, өміріне қатер туды. Қылмыс орнынан ізін суытып үлгерген күдікті Польшада бас сауғалапты. Бүгін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының және Ішкі істер министрлігінің Интерпол қызметкерлері еліміздің Польшадағы Елшілік көмегімен грузиялық азамат экстрадицияланды. Қазір қылмыскер тергеу изоляторында қамауда отыр.

Ерлан ЖАНПЕЙІСОВ, ҚР БАС ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ ӨКІЛІ:

Қылмыс жасағаннан кейін күдікті жасырынып, халықаралық іздеуге жарияланған. Ағымдағы жылдың сәуір айында ол Польшада ұсталды. Айыпталып отырған қылмысы үшін он жыл мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.