Русский Сайттың толық нұсқасы

Әуе билеттері қымбаттауы мүмкін

Алдағы уақытта әуе билеттері қымбаттауы мүмкін. Бірақ тариф құны сол қалпында қалады. Көлік вице-министрі Талғат Ластаев осындай мәлімдеме жасады. Сөзінше, бағаның шарықтауына бірнеше фактор әсер етеді. Соның бірі-керосин тапшылығы. Қазір әуе компаниялары жылына млн тоннадан астам жанармай тұтынады. Ал елімізде 650 мың тонна ғана өндіріледі. Ведомство жетпеген көлемді импорт есебінен жабуға мәжбүр.

Талғат ЛАСТАЕВ, ҚР КӨЛІК ВИЦЕ-МИНИСТРІ:

Күнделікті факторлар бәрібір әсер етеді. Сол себепті алғашқы ереже билеттерді алдын-ала алу керек. Алдын-ала анализ бойынша 52 пайыз жолаушылар екі апта бұрын билет алады. Алдын-ала алсаңыз ол арзандау болады.

Сондай-ақ, вице-министр ұшақ рейстерінің кешігуіне де түсініктеме берді. Тамыз айында бірнеше аэропортта жөндеу жұмыстары басталған. Мәселен, Астана әуежайы түнде жұмыс істемейді. Салдарынан жолаушылар діттеген жерлеріне уақытылы жете алмай жатыр.

Талғат ЛАСТАЕВ, ҚР КӨЛІК ВИЦЕ-МИНИСТРІ:

Рейстердің кешуі әр мемлекеттегі әр компанияда болып жатады. Биыл біздегі көрсеткіш 77 пайыз шамасында. Басқа мемлекеттермен салыстырсақ, АҚШ-та - 77 пайыз, Еуропада 76 пайызды құрады. Жалпы, биыл осы көреткіш төмендеп жатыр. Астана әуежайында 24 сағат бойы үзіліссіз жұмыс істесе, сағатына 10-12 рейс келетін. Қазір күндіз бұл көрсеткіш 20-25-ке көбейген. Еліміздегі әуежайларда жөндеу жұмыстары аяқталғанан кейін, рейстердің кешігуі мәселесі шешіледі