Русский Сайттың толық нұсқасы

9 мыңнан астам адамға арнайы әлеуметтік төлем тағайындалды

Жұмыс барысында жарақат алу көрсеткіші әлі де жоғары. Жыл сайын өнеркәсіпте еңбек ететін мамандар ауыр зақым алып, жазатайым оқиғаларға тап болады. Сол үшін зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін 9 мыңнан астам адамға арнайы әлеуметтік төлем тағайындалды. Оның жалпы сомасы - 1,7 миллиард теңге. Ақша 1 қаңтардан бастап берілді. Қаржының орташа мөлшері -шамамен 208 мың теңге.

Шалқар ОРАЗБЕКОВ, ҚР ЕХӘҚМ ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Зиянды еңбек жағдайында жұмыс істейтін адамдарға 55 жасқа толған сәттен бастап, егер 7 жыл міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары болса сол азаматтарға арнайы төлем тағайындалып басталды. Атап өткен критерийлерге сәйкес келетін 37 мың азамат бар. 37 мыңнан аса. Енді бүгінгі күні 9 мыңнан астамы жүгінді. Енді бұл жерде атап өтетіні бұл – азаматтардың құқығы.

Жәрдемақы 4 негізгі көзден алынады. Бірінші - республикалық бюджет, одан кейін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры және сақтандыру компаниялары мен жұмыс берушіден төленеді. Қызметкерлер жалақыны да, арнайы төлемді де алып, денсаулыққа зияны аз жұмысқа ауысуға құқылы. Тіпті, зейнетақы тағайындалғанша қаржыны иемденіп, демалысқа шыға алады. Бұл көмек зейнетке шыққанша беріледі.