Русский Сайттың толық нұсқасы

Ситуациялық-кризистік орталықтар студенттерді жатақханамен қамту бойынша көмек көрсетеді

Университеттерге жаңа талап қойылды. Студент грантта болсын, ақылы форматта оқыса да, оқу орны оны жатақханаға қабылдауға міндетті. Жоғары курстағыларға да солай. Бұл талапты орындамау өрескел құқық бұзушылық болып танылады. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының орынбасары Ақерке Абылайхан айтты. Бірінші кезекте ата-ана қамқорлығынсыз қалғандар, ауыл квотасы бар және 1,2,3 топтағы мүгедектерге басымдық беріледі. Ситуациялық-кризистік орталықтар жатақханамен қамту бойынша көмек көрсетеді.

Ақерке АБЫЛАЙХАН, ҚР ҒЖБМ ЖОҒАРЫ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНАН КЕЙІНГІ БІЛІМ КОМИТЕТІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Сол ситуациялық орталықта әрбір студент өзінің жатақханасында қанша орын беруге дайын. Студенттің басым топтарға жата ма жатпайпайтындығын анықтай отырып, егер университет жанында орын болмаса басқа жеке меншік студенттер үйінде қай жерде орын бар. Қай жеке меншік жатақханамен университеттің келісім шарты бар омының барлығы туралы студентке ақпарат береді. Бұл кризистік орталықтар жалпы мына жолдан келген бала далада қалып қалмас үшін әрбір университеттің жанында орын тапқанша жататын орын болады.