Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақмола облысында полицейлер суға батып бара жатқан балықшыларды құтқарды

  • AstanaTV
  • 21 тамыз 2024
  • 339

 Ақмола облысының полицейлері суға батып бара жатқан балықшыларды құтқарды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

20 тамызда сағат 18:20-да Целиноград ауданының полиция бөліміне су айдынында екі адамның суға батып бара жатқаны туралы ақпарат түсті. Полицияның аға учаскелік инспекторы Роллан Ауғанбаев, учаскелік полиция инспекторлары Еспол Өмірсерік, Талғат Ноғайбаев және учаскелік полиция инспекторының көмекшісі Бауыржан Баденов шақыртуды бірден қабылдап, оқиға орнына қарай дереу шықты. Белгілі болғандай, балықшылар жергілікті тұрғындар емес. Олардың қай жерде екенін және қандай су айдыны туралы айтып жатқанын түсіну қиын болды. Полицейлер межелі жерге жеткенше, басқа учаскелер арқылы үрлемелі қайық табуға шешім қабылдады. Қатты жаңбырдан кейінгі батпақты ескере отырып, су қоймасына еш қиындықсыз жету үшін бірден Нива көлігін пайдаланды. Барлық жедел-құтқару жұмысына полицейлерге 15 минут қажет болды.