Русский Сайттың толық нұсқасы

Еліміздегі мектептерде оқытылатын пәндер саны қысқаруы мүмкін

  • AstanaTV
  • 22 тамыз 2024
  • 204

ҚР Премьер-министрінің орынбасары Тамара Дүйсенова педагогтардың тамыз конференциясында Қазақстан мектептерінде қандай пәндерді қысқартуға болатынын анықтауды тапсырды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Тамара Дүйсенова соңғы жылдары мектеп бағдарламасына көптеген жаңа пән енгізілгенін баса атап өтті. Олардың қатарында "Қаржылық сауаттылық", "Бизнес негіздері" және "Дінтану" бар, ал әлемде вариативті оқу бағдарламалары кеңінен қолданысқа ие.

Біз бұл мәселе бойынша мамандардың пікіріне жүгінуіміз керек. Негізгісі ретінде қандай пәндерді қалдырамыз және қайсысымен вариативті немесе инвариативті түрде жұмыс істеуге болатындығын шешуіміз керек, - деп атап өтті ол.

Премьер-министрдің орынбасары білім беру бағдарламаларын да қайта қарауды ұсынды.