Ауыл шаруашылығын субсидиялауға арналған жаңа бағдарламада инвестициялық жобалардың құрылыс жұмыстары мен монтаждау жұмыстарына қаржы қарастырылмаған. Ол аздай, көптеген кәсіпкерлер банктерден несие алып, қазір қажет болмай қалған кешендері қаңырап, шығынға ұшыраудың аз-ақ алдында қалған көрінеді.
Солардың бірі - Қарағанды облысындағы «Жәке» шаруашылығының қожайыны Айдын Алқабай - бүгін «Нұр Отан» партиясының қоғамдық қабылдауына келіп, қандай қиындыққа тап болғанын айтып берді.
Айдын Алқабай, кәсіпкер:
Босқа салғандай болып отырмын. Басында бұл қажет дүние деп қолдау да көрсеткен.
Қазір ешкімге керегі жоқ болып отыр. Мемлекет қолдау береді деген соң
бордақылау алаңын сала бастаған едім.
Осы
орайда Ауыл шаруашылығы министрінің бірінші орынбасары Қайрат Қапарұлы әр
келген азаматпен келелі сұхбат жүргізіп, барынша көмек қолын созатынын айтты.
Тіпті кейбірімен жеке кездесуге де уәде берді. Сондай-ақ ол, ауыл шаруашылығын
субсидиялауға үкіметтен 60 миллиард теңге бөлінгенін айтты. Осы несиені алғысы
келетін кәсіпкерлерге түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Құзырлы министрлік
өкілдері алдағы бір ай ішінде әр өңірге барып, кәсіпкерлермен кездесулер
өткізіп, субсидиялау бағдарламасын кеңінен түсіндірмек.
Қайрат
Айтуғанов, ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің бірінші орынбасары:
«Нұр
Отан» партиясында бүгін осындай халықты қабылдап жатырмыз. Көптеген сұрақтар
қандай субсидия бар, үкімет қандай көмек беріп жатыр дейді. Айта кету керек, қазір міне науқан басталып жатыр, үкімет тарапынан 60 миллиард теңге бөлінді.
Кредит берілуде, мал алам десе мал, үйрек, қаз бағам десе, оған біз несие
ретінде 6 пайызбен 4,5 жылға береміз.