Русский Сайттың толық нұсқасы

Балық аулауға арналған лимит азаяды

  • AstanaTV
  • 10 наурыз 2017
  • 2736

Отандық балықшылар соңғы 10 жылда берілген лимиттің 30 пайызын орындай алмаған. Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдері балық аулау көлемі азайтылғанын осымен байланыстырды. Балық ресурстарын жаңғырту басқармасының басшысы Нариман Жүнісовтың айтуынша, қазіргі тариф кәсіпорындардың шикізаттық қорын толтыру үшін жеткілікті. Ал балықшылардың бұл ретте пікірі басқа. Олар, мұндай талаптар өңірлік экономикаға кері әсер етпей қоймайды, дейді. Оған қоса заңсыз аулаушылардың да санын көбейтеді. Қарағанды облысында балықшылар жаңа лимитпен танысып та үлгермеген. Жергілікті бизнес өкілдері банкрот боламыз деп алаңдайды. Бірақ, Ауыл шаруашылық министрлігіндегілер нақты көлем белгіленгенін айтты. Бұйрыққа қол қойылған, жақын күндері Әділет министрлігінен тіркеуден өтетін көрінеді.

Нариман Жүнісов, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің басқарма басшысы:

Біз бүгін жаңа лимиттерді бекіттік. Иә, ол өткен жылмен салыстырғанда төмендеген. Неге азайғанын білгілеріңіз келсе, айтайын, ақырғы 10 жылда бекітілген талаптарды қайта зерттеп шықтық. Нәтижесінде, 70 пайызы іске асырылып, 30 пайызы игерілмей қалады. Лимиттің азаюы кәсіпорындардың жұмысына теріс әсер етеді деп ойламаймын.