Кез-келген
жарнаманы орналастырудың стандарты мен бірыңғай тәртібі болуы керек. Бұл
мәселені Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жарнама бойынша
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын талқылау барысында
депутаттар мен сала мамандары сөз етті. Олардың сөзінше, бүгінде
бірыңғай тәртіп болмағандықтан, кәсіпкерлік өкілдерінде де, салық органдарында
да сандаған түйіткілді мәселе бар. Мысалы, салық билбордқа салынуы керек пе,
әлде билборд ілінетін тұғырға салынуы керек пе, деген сауалдың өзі әлі күнге
жауапсыз. Ол аздай, арнайы заң мен стандарттың жоқтығынан, кәсіпкерлер жарнаманы
қалаған жеріне қалай болса солай ілген жағдайлар көп.
Гүлжан
Кивенова, Астана қаласы сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының
орынбасары:
Біз
жарнама ілу бойынша бірыңғай регламент ұсынамыз. Мысалға, Мәскеуді алсақ, онда
кез келген жарнаманың үлгісі тиісті мекеменің сайтында тұрады. Бізге
жарнамалардың ілінуіне қатысты келетін арыз-шағымдар көп. Алайда, заңды тұрғыда
оған араласуға біздің құқығымыз жоқ. Егер стандарт болса, кем-кетік пен қателер
де аз болар еді.