Русский Сайттың толық нұсқасы

"Құны – 1 миллион 500 мың теңге": Абай Бегейдің қызы енесіне алтын сағат сыйлады

  • AstanaTV
  • 22 тамыз 2024
  • 317

16 жасында тұрмыс құрған Абай Бегейдің қызы Сымбат енесіне алтын сағат сыйлады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Блогер келіннің айтуынша, енесі арманындағыдай тойды жасап берген көрінеді.

“Тойымды армандағынымдай күшті өткізіп бергеніңіз үшін рақмет. Маған "ботақаным, осы тойда үш көйлек киші, үш көйлек ауыстыр, бәрі өзіңнің армандағаныңдай болсын" деп жүгіріп жүргеніңіз үшін рақмет. Сізді қатты жақсы көремін. Осы күнгі дейін өзім жинаған ақшама сізге сыйлық алдым. Соны табыстағым келіп тұр. Сізге 1,5 млн теңгеге алтын сағат алдым", – дейді Сымбат Абайқызы.

Блогердің енесі де қымбат сыйлық күтпегенін айтып, көз жасына ерік берді.

“Жаным сол! Ботақаным сол! Мұндай қымбат сыйлық сыйлайды деп ойлаған жоқпын, шок болып қалдым. Рахмет, жаным! Өзіңе мың еселеп қайтсын!”, – деп алғыс білдірді енесі.