Русский Сайттың толық нұсқасы

МӘМС жарнасын салудың шектік жалақы мөлшері 50 есеге ұлғаюы мүмкін

МӘМС жарнасын төлеудің шегі төменгі жалақы мөлшерінен 10-нан 50 есеге дейін артуы мүмкін. Бұл туралы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының төрағасы Әбілқайыр Сқақов айтты. Яғни, осыған дейін сақтандыру салығы 850 мың теңге көлеміндегі айлыққа дейін салынса, енді оны 4,5 млн теңгеге дейін көтеру мәселесі қарастырылып жатыр деді спикер. Айта кетейік, қазақстандықтардың жалақысы 850 мың теңгеден асса, МӘМС жарнасы артық алынбайды.

Әбілқайыр СҚАҚОВ, ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ҚОРЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Бүгінде Денсаулық сақтау министрлігі осы мәселені қарастырып жатыр. Министрлік тарапынан ұсыныс бар. Қорымыз да өз есептерін берді. Болашақта басқа мемлекеттік органдар қолдайтын болса, заңнамаға өзгеріс енгізу бастамасы ұсыныс ретінде енгізіледі. Жүзеге асса әділеттік бағытындағы үлкен қадам болмақ..