Жаңа оқу жылы қарсаңында «АМАNАТ» партиясының жалпыреспубликалық «Баланы мектепке даярлайық!» атты қайырымдылық акциясы басталды. Жамбыл облысы бойынша биыл 3 мыңнан астам бала қамтылмақ. Бұл «Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында жүзеге асырылып отыр. Шара 30 тамызға дейін жалғасады. Өңірдегі әлеуметтік аз қамтылған және көпбалалы отбасының балаларына мектеп формалары мен оқу құралдары және сөмкелер тарту етіледі.
Дауыл БЕЙСЕНҚҰЛОВ, «АМАNАТ» ПАРТИЯСЫ ЖОФ ТӨРАҒАСЫ:
Жалпы, 100 млн-ға жуық қаржыны демеушілер есебінен, бастауыш партия есебінен, трансферттер есебінен қаржыландыру көзделіп отыр.Енді балаларға қуаныш сыйлау, мектепке даярлау әрбір ата-анаға салмақ түседі.Сондықтан көпбалалы ата-аналарды қолдау мақсатында партиялық осы жобасына белсенді қатысып келеміз.