«Нұр
Отан» партиясының көмегімен жыл басынан бері Маңғыстау өңірінде 39 адам жұмыс
тапты. Партияның облыстық филиалына 700-ден астам тұрғын жәрдем сұрай келсе,
олардың 331-і жұмысқа орналасу мәселесін көтерген.
Партия қызметкерлерінің айтуынша, қоғамдық
қабылдау аптасына үш рет жұмыс істейді. Алайда тұрғындар түрлі мәселелермен күн
сайын келеді. Басым бөлігі - темір ұстасы, монтаждаушы мен дәнекерлеушілер.
Бүгінгі қабылдауға 10-нан аса адам жиналды. Тұрғындардан түскен өтініштерді
жіті қарастырып, қолдан келген көмекті көрсетуге дайынбыз, - дейді нұротандықтар.
Шолпан
Қаленова, «Нұр Отан» партиясы МОФ қоғамдық қабылдау сарапшысы:
Кейбір
адамдар бастапқыда маған тек 200 мыңның жұмысы керек дейді. Сондай-ақ, кейбір
адамдар жұмысын тастап кетеді де, мен бастық болғым келеді дейді. Ондайлар да
болды. Бизнес, кәсіпкерлікпен айналысатын адамдарды солармен кездестіріп,
қандай көмек керек болады, соны айтып, кеңестерін беріп отырады.