Русский Сайттың толық нұсқасы

«Нұр Отан» партиясының көмегімен жыл басынан бері 39 адам жұмыс тапты

  • AstanaTV
  • 13 наурыз 2017
  • 2972

«Нұр Отан» партиясының көмегімен жыл басынан бері Маңғыстау өңірінде 39 адам жұмыс тапты. Партияның облыстық филиалына 700-ден астам тұрғын жәрдем сұрай келсе, олардың 331-і жұмысқа орналасу мәселесін көтерген. 

Партия қызметкерлерінің айтуынша, қоғамдық қабылдау аптасына үш рет жұмыс істейді. Алайда тұрғындар түрлі мәселелермен күн сайын келеді. Басым бөлігі - темір ұстасы, монтаждаушы мен дәнекерлеушілер. Бүгінгі қабылдауға 10-нан аса адам жиналды. Тұрғындардан түскен өтініштерді жіті қарастырып, қолдан келген көмекті көрсетуге дайынбыз, - дейді нұротандықтар.

Шолпан Қаленова, «Нұр Отан» партиясы МОФ қоғамдық қабылдау сарапшысы: 

Кейбір адамдар бастапқыда маған тек 200 мыңның жұмысы керек дейді. Сондай-ақ, кейбір адамдар жұмысын тастап кетеді де, мен бастық болғым келеді дейді. Ондайлар да болды. Бизнес, кәсіпкерлікпен айналысатын адамдарды солармен кездестіріп, қандай көмек керек болады, соны айтып, кеңестерін беріп отырады.