Русский Сайттың толық нұсқасы

Бангладеште тасқын кесірінен 3 миллиондай адам баспанасыз қалды

  • AstanaTV
  • 23 тамыз 2024
  • 167

Бангладеште толассыз жауын соңы алапат тасқынға ұласып, 3 миллиондай адам баспанасыз қалды.

Екі тұрғын қаза тапқан. Мұны осы елдің төтенше жағдайлар министрлігі бүгін хабарлады.

Табиғи апаттан Фени, Молвибазар және Брахманбария аудандары ең көмек зардап шеккен. Бірнеше аймаққа баратын жолдар жабылып, талай елдімекенге құтқарушылар жете алмай жатыр.

Елдің тасқындарды болжау және ескерту орталығының хабарлауынша, Бангладеште алдағы 24 сағатта жаңбыр қайта жалғасып, тағы да халықты үдере көшуге мәжбүрлеуі мүмкін.

Бұл туралы Қазақстан Телеарнасы хабарлайды.