Қазақстанның бірінші, әлемнің 4-ракеткасы Елена Рыбакина хорватиялық бапкер Стефано Вуковпен қарым-қатынасын тоқтатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
«Бес жылға созылған жемісті қарым-қатынастан кейін біз енді бірге жұмыс істемейміз. Мен оның корттағы жұмысына ризамын және болашақта оған барлық жақсылықты тілеймін. Қолдауларыңыз үшін бәріңізге алғыс айтамын», - деді Рыбакина.
Е. Рыбакина АҚШ ашық чемпионатының алғашқы айналымында дүниежүзілік рейтингіде 180-орында тұрған аустралиялық Дестани Айявамен ойнайды.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын US Open турнирінде қазақстандық теннисшілердің қарсыластары анықталғанын жазған болатынбыз.
Сондай-ақ Тимофей Скатов АҚШ ашық чемпионатына жолдама алды.
Т.Скатов бірінші айналымда әлемнің 7-ракеткасы, Польша өкілі Хуберт Хуркачпен шеберлік байқасады.