Русский Сайттың толық нұсқасы

«Қытайдан көлік әкелемін»: Алматыда 9 азаматты сан соқтырған тұрғын ұсталды

  • AstanaTV
  • 23 тамыз 2024
  • 262

Алматы полициясы 9 азаматты сан соқтырған күдіктіні қолға түсірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Жәбірленушілердің сөзінен белгілі болғандай, 31 жастағы ер адам Қытайдан автокөліктер мен мопедтер әкелемін деп уәде беріп, тапсырыстың ақысын алып, өз міндеттемелерін орындамаған. Қазіргі уақытта объективті жағдайлар анықталуда. Сонымен қатар күдіктінің қылмыстық әрекетінен зардап шегуі мүмкін басқа да азаматтарды анықтау жұмыстары жүргізілуде», – деді Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы Олжас Шәріпов.

Алмалы аудандық полиция басқармасының мәліметінше, тергеудің қазіргі кезеңінде 31 жастағы Алматы тұрғыны 9 азаматты алдап кеткен. Олардың саны көп болуы мүмкін.