Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстан мен Тәжікстан президенттері ауыл шаруашылығы өнімдері мен ұлттық тағамдар көрмесін аралап көрді

  • AstanaTV
  • 23 тамыз 2024
  • 171

Қазақстан мен Тәжікстан президенттері ауыл шаруашылығы өнімдері мен ұлттық тағамдар көрмесін аралап көрді,-деп хабарлайды Ақорда. 

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмонға көрмеде көкөністер мен жемістер таныстырылды.

Бұдан бөлек, мемлекеттер басшыларына ұлттық тағамдар, соның ішінде аспаздар ерекше талғаммен әзірлеген палау түрлері, таба нандар мен күлшелер көрсетілді.