Русский Сайттың толық нұсқасы

Оңтүстік Кореяда қонақ үй өртеніп, 7 адам қаза тапты

  • AstanaTV
  • 23 тамыз 2024
  • 146

Оңтүстік Кореяда қонақ үй өртеніп, 7 адам қаза тауып, 12-сі жараланған. Мұны осы елдің Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Өрт Бучон қаласындағы тоғыз қабатты отельдің 8-ші қабатында басталған. «Йонхап» агенттігінің хабарлауынша, лапылдаған жалынды сөндіруге 46 машина мен 150 адам тартылды. Өрттің себебі әзірге белгісіз. Қазір тергеу жүріп жатыр. Болжамдарға қарағанда, от электр жүйесіндегі қандай да бір ақаудан басталса керек.

Бұл туралы Қазақстан Телеарнасы хабарлайды.