Русский Сайттың толық нұсқасы

Ресейдің «Смоленск» кеден бекетінде 10-нан астам қазақстандық жүк көлігі тоқтатылды

  • AstanaTV
  • 22 сәуір 2016
  • 1471

Ал Украинадан Қазақстаға бет алған оннан астам жүк көлігі Ресейдің "Смоленск" кеден бекетінде тағы тоқтатылды. Бұл жолы Ресей тарапы жүк тасмалдаушыларға жаңа талап қойып отыр. 16 сәуірден бастап көліктің жүру бағатын бақылау үшін ГЛОНАСС жүйесіне қосылған қондырғы орнатылуы керек. Осы орайда кеден бекетінде кептеліс туындаған.

Жүк иесі қалтасынан қондырғыға кепіл ретінде 30 мың рубль төлеуі тиіс. Ол 150 мың теңге шамасында. Оған қоса, оны пайдаланғаны үшін тәулігіне 950 рубль төлейді. Заманауи бақылау жүйесінің түсініксіз тұстары көп. Әсіресе, қызмет құнына қатысты. Сондықтан "Атамекен" кәсіпкерлер палатасы  Ресейдің Көлік министрлігіне хат жолдаған.

Индира Сәдуақасова, «Атамекен» ҰЭП экономикалық интеграция департаменті директорының орынбасары:

Кепіл ретінде төленетін 30 мың кері қайтарылады деген ақпарат бар. Ақша Смоленск қаласында төленеді. Қазақстан шекарасына жеткенде қондырғыны тапсырады. Сол кезде кепіл ақша қайтарылуы керек. Бірақ ол қай жерде және қалай рәсімделеді, түсініксіз. Осы сұрақтарды Ресейге жолдадық. 2-3 апта ішінде жауап берілу керек. 

Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ