Русский Сайттың толық нұсқасы

«Қоқыстың иісіне тұншығып біттік», - тұрғын

  • AstanaTV
  • 23 тамыз 2024
  • 286

Айдана ШАЛҚАР, ТІЛШІ:

Алматыдағы Алма сити тұрғын үй кешенінің халқы: “Жағымсыз иістен тұншығып біттік”-деп арнамызға хабарласты. 5000-нан аса адам қоныстанған жерге тек бір ғана қоқыс жәшігі орнатылған. Мүлде дезинфнкция жүргізілмейді. Тілшілер келеді дегенді естіген жауапты мамандар мына жерге сәл де болсын тазалық жұмыстарын жүргізіп қойыпты. Соның өзінде бұл жерде ұзақ тұру тіпті мүмкін емес. Қалдықтардың иісі жер-көкті алып бара жатыр.

Тұрғын үй кешенінде мәселе шаш етектен, ал 2 мың шаңырақтың пәтер иелерінің кооперативіне өкпесі қара қазандай. Олардың айтуынша, қоқыс бірнеше күн жиналмай, иісі мүңкіп тұра беретін көрінеді.

Медет ӘКІМЖАНОВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Общий ЖК-да 46 блок, 46 блоктың мусоркасы мына бір жерде ғана орналасқан. Бұл жердің 14-15 контейнер ғана. Мысалы, ЖК-ның бір шеті ана шетке барады, ол шеттен мусорканы кейбіреулер недоносит бұл мусоркаға. Мусорды подвалдарға тастап кетеді. Ол подвалдарға тастаған мусорлар бірте-бірте оны ешкім жинамағаннан кейін саси бастайды.

Жасұлан ОРЫНБАЕВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Екі жыл болды айтып келе жатқанымызға. Анаған барамыз, мынаған барамыз, ешқандай шешімі жоқ. Даже дворниктарының өзі жоқ мына жерде, 4 дворник бар деп белгілеп қойған,бірақ олар анда-санда бір кеп тазалап кетеді, постоянно мусор боп жатады мына жер

Ал, үйді салған мердігер компания «Қоқыс жәшіктері барлық талап пен нормаларға сай орнатылған» - деп жауап берді. Жаңа контейнерлер әкелу үшін арнайы конкурс жарияланған. Егер мердігер анықталса, бекітілген жоспар бойынша қалдықтарды тастайтын қосымша орын белгіленбек.

«QAZAQ STROY» КОМПАНИЯСЫ:

Alma city 4/1 тұрғындарының жерасты контейнерлерін қою туралы өтінішіне байланысты «Qazaq stroy» компаниясы арнайы орын белгіледі. Алайда мәселе толыққанды шешілуі үшін осы контейнерлерді орнататын мердігер жергілікті атқарушы орган ұйымдастыратын конкурс негізінде анықталуы тиіс. Одан бөлек, конкурс нәтижесінде жеңімпаз анықталған соң, Qazaq stroy қазаншұңқыр қазып, белгіленген орынды реттеп, тиісті жұмыстарды нормаларға сай атқаруды өз мойнына алады.

«Тұрғындардың шағымын елеусіз қалдырмаймыз, техникалық мүмкіндіктерге қарай мәселені шешуге тырысамыз» - дейді компания басшылығы.