Русский Сайттың толық нұсқасы

Тоғызқұмалақтан республикалық сайыс өтті

Елордада «Абай жүлдесі» үшін республикалық турнир өтті. Сайыста еліміздің түкпір-түкпірінен келген 15 команда бақ сынады. Турнирдің мақсаты – мәслихаттардың 30 жылдығын атап өту. Ең маңыздысы 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын барынша қолдау және ұлттық ойын — тоғызқұмалақ спортын кеңінен дәріптеу. Бір жарым айда өңірлерде іріктеу турнирлері болған. Соның жеңімпаздары ақтық сайысқа жолдама алды.

Дәулет ҮМБЕТОВ, ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:
Республикалық жарысқа Қазақстан мемлекетінің бүкіл өңірлерінен келіп отыр. Оған қатысушылар журналистер, блогерлер, мәслихат депутаттары, мәслихат апаратының жұмыскерлері барлығымыз жиналып, осы жарысқа қатысып отырмыз. Бұл жарыс бірінші үш деңгейден тұрады. Бірінші деңгейі- аудандық, қалалық іріктеу жарысы. Енді бәріміз әр облыстан келіп республикалық жарысқа қатысып отырмыз.