Русский Сайттың толық нұсқасы

"AMANAT" партиясы Астана қалалық филиалы "Жайлы қалалық орта" жобасын бастады

«AMANAT» партиясы Астана қалалық филиалы « ЖАЙЛЫ ҚАЛАЛЫҚ ОРТА» жобасын бастады. Ол көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларында іс-шараларды ұйымдастыру арқылы тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған. Негізгі мақсат -қолайлы, қауіпсіз, жайлы және заманауи қалалық орта құрып, халықтың белсенділік деңгейін арттыру. Шаһарда және тұрғын үй алаптарында қарапайым серіктестік және мүлік иелерінің бірлестігі арқылы аула және қоғамдық аумақтарды абаттандыру. Жоба «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы арқылы іске асырылады.

Болысбек МҰХАММЕД, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ АСТАНА ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫ:

Осы экомәдениетті қалыптастыру аясында қала тұрғындары өздері «Халық қатысатын бюджет» болмаса тұрғын үй модернизациясы әлеуметтік бағдарламаларға қатысу арқылы өздерінің аулаларын күрделі жұмыс жүргізу абаттандыру жұмыстарын жүргізе алады..

СНХ:Қуаныш ОСПАНОВ, «ТҰРСЫН АСТАНА – 2» МҮЛІК ИЕЛЕРІНІҢ ҚАУЫМДАСТЫҚ ТӨРАҒАСЫ:

Әрине тұрғындардың қолдауымен .Келер ұрпаққа таза аула .таза жер қалдыру біздің мақсатымыз деп ойлаймын.Барлығы бірдей атсалысып жатыр тұрғындардың.Бүгінгі жобада бізде мынау кіре беріс есік күрделі жөндеуден өтіп жатыр.Ендігі кезекте үйіміздің шатыры жөнделеді,бас жоспарда бар.