Русский Сайттың толық нұсқасы

Маңғыстауда оқушыларға 50 мың теңгеден беріледі

  • AstanaTV
  • 23 тамыз 2024
  • 254

Маңғыстау облысы әкімінің қолдауымен ата-аналарға балаларын мектепке дайындау үшін көмек ретінде 50 мың теңге беріліп жатыр. Бүгінгі күні қажетті құжаттарын тапсырған әр балаға аталған қаржы аударылуда, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.

Бұл көмек төтенше жағдайға тап болған, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және әлеуметтік көмек алатын отбасылардан шыққан балаларға беріледі.

«Еске салайық, ата-аналар қажетті тауарларды сатып алғаннан кейін 10 жұмыс күні ішінде қаражаттың нысаналы пайдаланылғанын растайтын құжатты білім беру ұйымына ұсынуы тиіс. Яғни, ата-аналар түбіртек көрсетуге міндетті», - деп жазылған облыстық білім басқармасының хабарламасында.

Айта кетейік, материалдық көмекті алу үшін әр ата-ана мектеп директорының атына өтініш жазуы керек.