Алматыда 21 бала коронавирус инфекциясын жұқтырды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті жыл басынан бері 263 адамнан коронавирус анықталғанын мәлімдеді.
Ауру жұқтырғандардың 38,5%-ы 20-39 жас аралығындағы адамдар,
30,4% – 60 жастан бастап;
16,5% – 40-59 жас аралығы;
10,5% – бір жастан 16 жасқа дейін;
7,1% (21 бала) – бір жасқа дейін;
4,1% – 15-19 жас.
Қазіргі таңда дәрігерлерге өз бетінше барып анықтаған 263 науқас бар. Олардың 20-сы жұмыс жағдайында анықталған науқастар. Ал 13- і эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша анықталды, – деді департамент басшысының орынбасары Әсел Қалықова.