Русский Сайттың толық нұсқасы

Ердоғанның Меркельді "терроризмді жақтаушы" деген сөзіне Германия жауап қайтарды

  • AstanaTV
  • 14 наурыз 2017
  • 2819

«Ангела Меркель терроризмді қолдап отыр» деген сыңайдағы Ердоғанның сөзі ақылға қонымсыз жала». Германия тарапы осылай деп мәлімдеме жасады.

Бұл туралы неміс үкіметінің ресми өкілі Штеффен Зайбертке сілтеме жасап, Рейтерс хабарлайды. Бұған дейін Ердоған Меркельді «өз елінде террористерді жасырып отыр» деп айыптады. Және неміс билігін фашистерге теңеген. Түркия президенті "канцлер сенбідегі оқиғадан кейін Нидерланды жағына шығып кетті" деген пікірде.

Голландия билігі Түркияның екі министріне диаспора алдында сөз сөйлеуге тиым салған болатын. Салдарынан Түркия Еуропаның екі бірдей мемлекетімен дипломатиялық дауға қалып отыр. Бүгін Ердоған Нидерландымен барлық саяси байланысты үзу туралы шешім қабылдады.