Русский Сайттың толық нұсқасы

Қостанайда медициналық қалдықтарды залалсыздандыратын қондырғылар іске қосылды

  • AstanaTV
  • 14 наурыз 2017
  • 2986

Қостанайда медициналық қалдықтарды залалсыздандыратын қондырғылар іске қосылды. Елімізде алғаш рет қолға алынған игі бастама Біріккен Ұлттар Ұйымының даму бағдарламасы  шеңберінде жүзеге асып отыр.

Қазақстанда инфекцияланған медцициналық қалдықтардың 90 пайызға жуығы өртеу жолымен жойылады. Салдарынан  қоршаған ортаға мөлшерден тыс жоғары уытты заттар бөлінеді. Ал жаңа қондырғының ерекшелігі - жоғары қысым арқылы бумен залалсыздандырады. Яғни диоксин секілді адам ағзасына аса қауіпті заттардың таралуын тоқтатады. Арнайы автоклавтардың қуаттылығы күн сайын 100 келіге жуық  қалдықты қайтадан шикізатқа айналдыруға жетеді. Құны қымбат жабдық Біріккен Ұлттар Ұйымының  даму бағдарламасы шеңберінде пайдалануға  тегін беріліп отыр.