Русский Сайттың толық нұсқасы

«ЭКСПО» аумағында жаңа полиция бөлімшесі ашылды

  • AstanaTV
  • 14 наурыз 2017
  • 7125

Қауіпсіздік үшін «ЭКСПО» қонақтарының барлығы тексерістен өтетін болды. Бұл туралы халықаралық көрменің қауіпсіздік департаменті басшысы Рустем Чакенов мәлімдеді. «ЭКСПО» аумағында бүгін жаңа полиция бөлімшесі ашылды.

Халықаралық талаптарға сай тексеріс барысы небәрі 40 секундқа созылады. Көрме аумағына шыны шөлмектер мен қауіпті жарылғыш заттар алып кіруге қатаң тиым салынған. Халықаралық шара кезінде  екі мыңнан астам бейнекамера орнатылып, 9 мыңдай полицей жұмыс істейді. Жаңадан ашылған «Есіл» аудандық полиция бөлімшесінде 100-ден астам тәртіп сақшысы қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.

Жанболат Олжабаев, Астана қаласы ІІД басшысының бірінші орынбасары:

Профилактикалық шара, қылмыс болдырмауға біздің қызметкерлеріміз қазір жұмыс атқарып жатыр. Бүгінгі таңда үш айдың ішінде 16 ұсақ қылмыстар болды. Оны уақытында біреуі ұялы телефонын тастап кетеді, біреуі тағы заттарын тастап кетеді. Сол себептен қазір жұмыстар атқарып жатырмыз.

Қалалық ішкі істер департаменті полиция қызметкерлеріне үш айлық ағылшын тілі курстарын ұйымдастырған. Оның нәтижесі де жоқ емес. Қазір сақшылар қонақтармен аудармашының көмегінсіз қарым-қатынас орната алады. Бұл мақсатқа еріктілер де жұмылдырылады.

Айдос Сүлейменов, полиция бөлімшесінің аға тергеушісі:

Шетелдерден келген туристермен біз еркін түрде сөйлесіп, олардың мән-жайын біліп, және оқиғалар болған жерде дұрыс шешу мақсатында. Яғни туристермен тікелей сөйлесіп, еш аудармашысыз.