Солтүстік-шығыс Қытайдың Хулудао қаласында (Ляонин провинциясы) жауған нөсер жауын салдарынан 11 адам қаза тауып, тағы 14 адам із-түзсіз жоғалып кетті, деп жазады Синьхуа.
Сондай-ақ нөсер Хулудао қаласында, әсіресе қаланың Цзяньчан және Суйчжун уездерінде ауыр зардап әкелді. Жолдар, электр желілері, байланыс желілері, тұрғын үйлер мен егістіктерге қатты зақым келді.
Қазір зардап шеккен аудандарда жолдар мен байланыс желілері кезең-кезеңімен қалпына келтіріліп жатыр. Жоғалғандарды іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.
Алдын ала статистикалық мәліметтерге қарағанда, Хулудаодағы табиғи апаттан 188 757 адам зардап шекті, шығын көлемі 10,3 миллиард юань (шамамен 1,44 миллиард АҚШ доллары) деп бағаланды.
Сонымен қатар, 9 республикалық және облыстық маңызы бар және 210 ауылішілік жолдардағы қозғалыс әртүрлі дәрежеде бұзылып, 187 көпір қираған.
Бұған дейін Сауд Арабиясында қатты жаңбыр жауып, алапат су тасқыны болғаны хабарланған болатын.
Үндістанда жалғасып жатқан муссон маусымында болған жауыннан 50 жылдық үй қирап, 9 бала қаза тапты.
Бұл туралы Қазақпарат жазады.