Русский Сайттың толық нұсқасы

Астанада жүк көліктеріне айыппұл салынуы мүмкін

  • AstanaTV
  • 24 тамыз 2024
  • 242

Астанада жүк көліктеріне 3 миллион 700 мың теңгеге дейін айыппұл салынуы мүмкін, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Қыркүйекте елордада көлік өлшейтін автоматтандырылған жүйе іске қосылады.

Бұл жүйе жүк көліктерінің салмағын бақылауға, қаланың көлік инфрақұрылымының жалпы деңгейін жақсартуға, өзге де көліктердің кедергісіз жүруі үшін неғұрлым қолайлы жағдайлар жасауға мүмкіндік береді.

Жүйе қазірдің өзінде сынақ режимінде жұмыс істейді. Автоматтандырылған өлшеу жүйесі қалаға негізгі кіреберістерде: Павлодар, Қарағанды, Қостанай, Көкшетау, Қосшы қалалары, сондай-ақ Қараөткел және Малотимофеевка кенттері тарапынан орнатылған. Соңғы айда 10 мыңнан аса заңбұзушылық тіркелген.

Көлік құралдарының рұқсат етілген массасы мына нормадан (тоннамен) аспауға тиіс:

- үш осьті (М3 санатындағы буынды автобустарды қоспағанда) – 25 тонна;

- төрт осьті, оның ішінде екі басқарылатын осі бар – 32 тонна;

- бес осьті – 38 тонна

- алты немесе одан да көп осьтері бар – 44 тонна.

Талаптарды бұзғаны үшін әкімшілік жаза қарастырылған. 

Айыппұлдардың мөлшері оське шаққандағы салмақтың арту дәрежесіне байланысты және кәсіпкерлік түріне байланысты – шағын, орта немесе ірі 40 АЕК-тен (147 мың 680 теңге) 1000 АЕК-ке (3 миллион 692 мың теңге) дейін өзгеруі мүмкін.