Русский Сайттың толық нұсқасы

Павлодарда алабайды тұмылдырықсыз серуендеткен тұрғынға айыппұл салынды

  • AstanaTV
  • 25 тамыз 2024
  • 100

Тәртіп сақшылары әрбір үй жануарларының иесі заңда белгіленген ережелерді сақтауы керектігін еске салады. Оларды бұзғаны үшін жауапкершілік қарастырылған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Мәшһүр Жүсіп көшесі бойындағы үйлердің бірінің тұрғындары алабайдың тұмылдырықсыз, қарғыбаусыз жүргеніне шағымданды.

Екібастұзда полицияға әйел адам хабарласты. Оның айтуынша, көшеде баласымен өтіп бара жатқанда үрген иттен қорқып қалған. 

Полицейлер иттің иесін анықтап, әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Иттер мен мысықтарды ұстау және серуендету ережелерін бұзғаны үшін облыстың 1260 тұрғыны жазаланған. 

– Үй жануарларының иелері санитарлық және ветеринарлық нормалар мен оларды ұстау ережелерін қатаң сақтауға және адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге міндетті, – деп ескертті облыстық полиция департаментінде. 

Тәртіп сақшылары аулаларда, балалар алаңдарында, мектепке дейінгі мекемелердің аумақтарында, мектеп аулаларында, емдеу-профилактикалық және емдеу-сауықтыру мекемелерінің аумақтарында, стадиондарда, саябақтарда, алаңдарда иттер мен мысықтарды серуендетуге тыйым салынғанын еске салды.

Егер жануар қоғамдық орынды ластаса, үй жануарының иесі тазалауы керек.