Русский Сайттың толық нұсқасы

Бұқтырма су қоймасы арқылы салынып жатқан көпірден жұмысшы құлап кетті

  • AstanaTV
  • 25 тамыз 2024
  • 182

ШҚО-да Бұқтырма су қоймасы арқылы салынып жатқан көпірден жұмысшы құлап кетті. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі YK-news.kz басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Жазатайым оқиға Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданындағы Бұқтырма су қоймасы арқылы салынып жатқан көпірде болған. Жұмысшы суға құлап, қайтыс болды.

Әлеуметтік желілерде көпірден су қоймасына жұмысшы құлап, қайтыс болды деген ақпарат тарады.

Күршім ауданы әкімдігінің мәліметінше, қазір жедел-тергеу шаралары жүріп жатыр.