Русский Сайттың толық нұсқасы

Оралда кішкентай қыз екінші қабаттан құлап кетті

  • AstanaTV
  • 25 тамыз 2024
  • 184

Орал қаласында екінші қабаттан құлап кеткен кішкентай қыз ауруханаға жатқызылды.

БҚО төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, оқиға бүгін қаладағы бес қабатты үйлердің бірінде болды.

«Ересектердің қарауынсыз қалған алдағы айда екі жасқа толатын қыз бала екінші қабаттың терезесінен құлап кеткен. Қазір ол ауруханада жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталу үстінде. БҚО ТЖ департаменті кішкентай балаларды бақылаусыз қалдырмау керектігін еске салады», деп хабарлады ведомстводан.

БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі ақпаратты кейін беретінін жеткізді,- деп хабарлайды Қазақпарат.