Русский Сайттың толық нұсқасы

Йемен жағалауында кеме апатқа ұшырап, 13 адам қаза тапты

  • AstanaTV
  • 26 тамыз 2024
  • 210

Йеменнің Таиз қаласының жағалауында заңсыз мигранттар мінген қайық аударылып, 13 адам қаза тауып, тағы 14 адам із-түзсіз жоғалғандар тізіміне енгізілді, деп жазады Анадолы.

 Кеме Джибутиге бет алған, бортында Эфиопиядан 25 және Йеменнен екі адам болған.

– Қайтыс болғандардың арасында 11 ер адам мен 2 әйел бар. Марқұмдардың мәйіттері Дубаб ауданындағы Әл-Шура маңындағы Баб-эль-Мандеб жағасынан табылды, деп хабарлады БҰҰ-ның Халықаралық көші-қон ұйымы.

ХКҰ Йемендегі миссиясы басшысының орынбасары Мэтт Хубер бұл қайғылы оқиға - мигранттардың осы жол бойында кездестіретін қауіп-қатерлерінің жарқын көрінісі екенін атап өтті.

-Біз бұл үлкен шығынды қалпына келтіре алмаймыз. Алайда, біз мигранттарды бүкіл сапарында қорғап, қолдау көрсету үшін ұжым болып күш салуымыз маңызды, -деді Хубер.

Заңсыз көші-қонмен күрес Еуропалық саяси қоғамдастықтың саммитінде басты тақырыпқа айналғаны бұған дейін хабарланған болатын,-деп жазады Қазақпарат.