Талдықорғанда 2 жасар бала септикке құлады. Баланың жанында ата-анасы болған. Әлеуметтік желіде баланы кәріз шұңқырынан алып шыққан сәттегі видео пайда болды, деп хабарлайды Almaty.tv.
«Екі жасар бала жағалаудағы нәжіс толы люкке құлады. Адамдар көп жиналатын жерде ашық люк бар. Бала құлап кетті, оның нәжісті жұтып қоюы да мүмкін. Бұл үшін кім жауап береді?» - делінген пост мәтінінде.
Әлеуметтік желіде оқырманның көбі бұл оқиғаға «жергілікті биліктің немқұрайлылығы себеп болды» деген пікір білдірді.
«Қызық, неге ата-анасын кінәлайсыз, қараңғы болған соң, кез келген адам құлап кетуі мүмкін, люк жабық болуы тиіс, жауапты адамдар қайда қарап отыр», - деп жазды әлеуметтік желі қолданушылары.
Ашық жатқан кәріз шұңқырына құлап кеткен балақайдың анасы да пікір білдірді. Оның айтуынша, мұндай оқиға кез келген адамның басынан өтуі мүмкін әрі қас қағым сәтте болуы ықтимал.
«Люк автотұрақтан 5 метр қашықтықта орналасқан, айнала тас қараңғы. Біз келгеннен кейін, көліктен шықтық, бала батутты көріп, жүгірді және 1 секундта ол люкке құлады. Біз жауапты органдардың қызметкерін күтіп тұрғанда, тағы 5 жастағы қыз ашық септикке құлап кете жаздады», - деп жазды баланың анасы.
Аймақ полициясы бұл оқиғаға қатысты түсініктеме берді.
«Кінәлі тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды», - деп хабарлады тәртіп сақшылары.