Русский Сайттың толық нұсқасы

Түркістан облысындағы Шардара ауданында шаруалар судан тарығып отыр

Түркістан облысы Шардара ауданында шаруалар судан тарығып отыр. Алатау ауылдық округінде жылдар бойы жерасты суы жиналатын каналдар қазылмай, уақытылы ретке келтірілмеген. Осының кесірінен диқандар сусыз қалды. Егістік курап жатыр. 

Мына поля мынандай, сор. Мына жер плиталанбаған каналымыз. Сброснойларымыз қазылмаған. Соның кесірінен міне мақталарымыздың бәрі мынандай болып жатыр.

Алатау батыр ауылының тұрғыны Мақсат Яхияев 8 гектар жерге мақта, 4 гектар жерге жоңышқа еккен. Алайда жерасты суы көтеріліп кеткендіктен егінін суара алмапты. Амалы құрыған шаруа енді мақтаға кеткен шығынын кімнен дауларын білмей дал.

Мақсат ЯХИЯЕВ, ШАРУА:

1 гектар жерге қазір үш жүз мың теңгедей ақша шығарып отырмыз, өзіміздің жердің өзіне. Дәрісі бар, несі бар... Енді мына жердегі мақтадан ондай өнім аламыз деп ойламаймыз мысалы үшін да.

Шардаралық Қонай Қалдықұлов та шарасыз. Ол биыл қашыртқы каналдарының жанына жоңышқа еккен. Алайда шілде шыққалы бір рет те суара алмағандықтан еңбегім еш болды дейді. Айтуынша, жердің тозып, сор басып кеткенін жауаптыларға жеткізген. Бірақ нәтиже болмай тұр,- дейді.

Қонай ҚАЛДЫҚҰЛОВ, ШАРУА:

10 гектардың 4 гектары жақсы өсіп тұр. Қалған алты гектарында жоқ. Бір де бір су ішкен жоқ. Ертең анау налог сұрайды. Бала -шағамыздың қыстық азығы бар... Солай болып тұр енді.

Қашыртқы судан зардап шеккен шаруалардың қатары күннен күнге көбейіп жатқанын мамандар да растап отыр. Себебі оларды қазып, реттеу жұмыстары жылдан жылға созылып кеткен.

Мансұр ӘЛІМБЕКОВ, СУ РЕТТЕУШІ:

 Арғы бетінде күріш егілгеннің кесірінен мына сброс толған. Сөйтіп шаруалар ана жерді көмгенбіз. Оны ашсақ судың астында қалып кетейін деп тұрмыз. Өзі алған адамдар тастап та кеткен.

Ал ауданның суға жауапты мамандары оны жөндеу жұмысы ауқымды жоба аясында атқарылады дегенді көлденең тартып отыр.

Ермек СМАЙЫЛҰЛЫ, «ҚАЗСУШАР» РМК ШАРДАРА ӨНДІРІСТІК ФИЛИАЛЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Мына қашыртқылар ПУИД бағдарламасы арқылы істеліну қажет. Ағымдағы жылы вегетациялық су беру науқанына сәйкес су берген уақыттан кейін ол кісілер ары қарай жұмысын жалғастырып, әрі қарай істелінетін болады.

Мамандардың мәлімдеуінше, 2016 жылы басталған ирригациялық дренаж жүйелерін жетілдіру жобасы пандемия кезінде тоқтап қалған. Қажетті материалдың қымбаттап кетуі себеп болған көрінеді. Енді аяқсыз қалған бұл шаруа келер жылы бітуі мүмкін дейді.