Бүгін Абай облысында өрттен бір адам көз жұмды. Бұл туралы Bugin.kz порталы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Бородулиха ауылында шаруашылық құрылысынан басталған өрт жеңіл көлікке өтіп, жеке тұрғын үй жанып кеткен.
"Өрттің ауданы 400 шаршы метр алаңды құрады. Өрт сөндіру кезінде 1990 жылы туған үй иесінің денесі табылды" делінген хабарламада.