Русский Сайттың толық нұсқасы

Қостанайда кәмелетке толмаған есірткі қойып кетуші ұсталды

  • AstanaTV
  • 27 тамыз 2024
  • 105

17 жастағы жергілікті тұрғынды Қостанай облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімшесінің қызметкерлері ұстады. Оның өзімен электрлік таспамен оралған ақ ұнтағы бар 8 zip пакет болды, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.

Кәмелетке толмағанның айтуы бойынша, ол бұл заттарды көшеде тауып алған.

Сараптама көрсеткендей, алынған заттың салмағы 3,86 грамм синтетикалық препарат болып табылады.

Есірткі заттарымен заңсыз жұмыс жасау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.