Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтөбеде қайтыс болған 11 адам баспана кезегінен шығарылмаған

Ақтөбеде қайтыс болған 11 адам баспана кезегінде тұр. Оны облыс прокурорлары анықтады. Жалпы аймақта 36 мыңнан астам адам баспана кезегіне енгізілген. Олардың дені көпбалалы отбасылар, жетім балалар және басқа да халықтың әлеуметтік осал топтарына жататындар. Тексеріс барысында басқа елдімекенге көшіп кеткен, еңбек қатынастары тоқтатылған, тұрғын үйді жекешелендіріп алған 100 ден астам адам дерекқордан шығарылмаған. 

Өркен ЕЩАНОВ, ОБЛЫС ПРОКУРОРЫНЫҢ КӨМЕКШІСІ:

Аталған фактілер бойынша прокурорлық қадағалау актісі енгізіліп, заң бұзушылықтар жойылды.