Русский Сайттың толық нұсқасы

Жамбылда атауы жоқ ауыл бар

Жамбылда есепке алынбаған елдімекен бар. Бес жүзден астам тұрғыны бар ауылдың атауы да жоқ. Әлеуметтік нысаннан жұрдай. Санда бар, санатта жоқ тұрғындар шаруасын шешу үшін жан-жаққа сенделіп жүреді. 

Бұл ауылдың аты да, заты да жоқ. Жол, мектеп, балабақша, медициналық пункт, ауыз су, жарық, бәрінен мақұрым. Өз күндерін өздері көріп, жыртығын өздері жамап жүрген жұрт жергілікті билікке өкпелі.

МАРАТ КӨШКІНБАЕВ, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ:
Міне екі жылдан бері жарығымыз жанбайды, көше освещениясы, мына 3 жылдан бері су келмейді, бәрі құрыды. Санақ бойынша 500 адам бар. Ешқандай условия жоқ. Мына көшені өзіміз жөндейміз.
Бахадүр Жәлімбетов, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ:
Ақша жинаймыз шағал төсейміз. Жарық өшеді ақша жинаймыз істейміз. Біреусі бізге көмек беріп жатқан жоқ, бәрін ел істеп жатыр.
МАДИНА ҚҰНДЫЗБАЕВА, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ:
Біз сол денсаулық саяжайы деп Диханның әкімшілігінде солай тұрмыз. Каз статус жоқ балабақша, мектеп жоқ. Мектепке Аймантөбеге барады балалар автобус апарып алып келеді. Ал балабақшаны тоже Аймантөбеге біреуі қалаға сөйтіп барып жүр.
Естен шығып, есепке алынбаған елдімекен тұрғындары аудан әкімшілігіне талай барған, бірақ нәтижесіз. Ауылдың статусы жоқ болғандықтан биыл да бір де бір тиын бөлінбепті. Жаңа оқу жылында 100ден астам оқушы тағы да сандалып жан жаққа барып оқуға мәжбір.
СЕРІК САЛИМОВ, ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Проблемамен қазір ғана кезігіп тұрмын. Мен анықтайын, түгел зерделейін. Уақыт созбаймыз. Ешкім далаға тастап жатқан жоқ. Бұл жағдайды мен білмей тұрмын. Қазір естіп отырмын. Негізі мен өзім Байзақ ауданында жұмыс жасағанмын ғой. Мен ол жерлерді жақсы білем. Ал проблеманың боп тұрғанын қазір біліп тұрмын.
Шенеуніктер ауылдағы мәселелерді зерттеп-зерделеуге уәде берді.