Русский Сайттың толық нұсқасы

Астанада азық-түлік біршама арзандаған

Астанада азық-түлік бағасы біршама төмендеген. Бұған тұрғындар риза. Бірақ, өзге өңірлерде қымбатшылық байқалады. Соған қарап мамандар бағаның тұрақсыз екенін айтады. Сонымен қайда не қымбат, не арзан, өңірлердегі тілшілерге сөз берейік. 

АЙДАНА ҚАЙРАТ, ТІЛШІ:

Біз қазір Елордадағы үлкен базарлардың біріндеміз. Мұнда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы анақұрлым төмен дейді жұртшылық. Сондықтан адам көп келетін көрінеді. Былтыр тамызда сұйық майдың 1 литрі 781 теңге болса, биыл бұл 630 теңгеге дейін арзандаған. Пиязды 130 теңгеге таба аласыз. Сондай-ақ картоптың келісі 225, қырыққабат 220 тг. Сиыр етінің бір келісі 3300 теңге тұрса, тауық еті 1500 теңгеден сатылып жатыр.

БЛИЦ-САУАЛНАМА:

- Бәрі қол жетімді бағаларыда бәрі жақсы.
- Енді ризамыз. Бағаларын түсіріп береді
- Басқа жерден етті 3500-ден алсам, осы жерден 2900-ден ала аламын.

Былтыр қанттың 1 келісі 434 теңгеге болса, қазір 415 теңге. Сәбіздің келісі 200 теңгеден саудаланса, биыл 185 теңге болды. Қарақұмық жармасының құны тура 1 жыл бұрын 338 теңге болса, қазір республика бойынша орташа баға 222 теңге. Бірінші сорт бидай ұны да едәуір арзандаған.

Нұрболат АМАНҚҰС, САТУШЫ:

2-3 күн сайын заказбен тауарларды әкеліп тұрамыз. Мысалы картоптар өзіміздің Павлодар өңірінен келеді. Ал қарбыз -қауындар Жетісай өңірінен келеді. Ал, пияз Қордай ауданынан келеді. Жалпы нан өнімдерін дихандардан күнделікті заказ береміз.

АЙДАНА ҚАЙРАТ, ТІЛШІ:

Мұнда менің біп аптаға алған ұн өнімдерінен жасалған азық-түліктерім. Бірден макаронның 2 келісін алдым. Бұл маған 700 теңгеге шықты. Одан соң мұндай тәтті печенье бағасы 1000 тг болды.Одан соң жәйма 450 тг. Сондай-ақ күнделікті қажетті шәй бағасы 650 тг және сүт бағасы 550 тг. Мен бірден 5 литр май алдым бұл маған 3500 тг шықты. Одан соң тәтті тосап оның бағасы 100 тг.

АЙДАНА ҚАЙРАТ, ТІЛШІ:

Баға әр өңірде әр түрлі. Оның өзіндік себебі бар дейді мамандар, бірақ қалай болғанда да сатушы үстемеақыны 15 проценттен асырмауы керек. Негізсіз өсіргендерге айыппұл салынады. Биыл 2500-ден астам сауда орны жауапкершілікке тартылған. Оның дені Астана, Алматы қалаларында. Басқа өңірлерде жағдай қалай? Қостанайлық әріптесім Заңғар Санай жалғастырады....

Заңғар САНАЙ,ТІЛШІ:

Айдана, ал біздің жақта азық түлік бағасы аспандап тұр. Астықты өлке аталатын Қостанайда ұн бағасы қымбаттаған. Еттің құны да екі жүз, үш жүз теңгеге өскені байқалады.Қант бағасы ғана қалыпты тұр дейді қала тұрғындары.

БЛИЦ-САУАЛНАМА:

- Күнде көтеріліп жатыр ғой баға деген. Ұнның бағасы көтерілді. Қазір жеті мың.Бұрын 5800-6000 мыңдай болған.Мың теңгенің сыртында көтеріліп отыр.
- Бағаға шек қоя алмадық ғой. Помидор мен қиярдың бағасы әсіресе әлі түскен жоқ ғой.400-500 теңгеден әлі тұр.Помидор 600-700 теңге.
- Бәрі өсіп жатыр ғой. Ет жеу тіпті мүмкін емес. Қымбат бағасы.300-400 теңгеге өсіп тұр келісі.Енді міне күнбағыс майы да қымбаттап жатыр.

Азық-түлік бағасын тұрақтандыру мақсатында қала билігі жаз бойы жәрмеңке ұйымдастырды.Бұл игі іс-шара жалғасын табады. Қаладағы ірі сауда орындарында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік жеткілікті. Құны да қолжетімді. Бағаны тұрақтандыру мақсатында жиі мониторинг жүргізіледі, дейді билік өкілдері.

ҚУАНЫШ ӘКЕЖАНОВ, ҚАЛАЛЫҚ КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БӨЛІМІНІҢ СЕКТОР МЕҢГЕРУШІСІ:

Қаладағы ірі сауда орындарында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік жеткілікті.Оның сыртында бағаны тұрақтандыру үшін үнемі ауыл шаруашылық тауарлары жәрмеңкесі ұйымдастырылып отыр. Жәрмеңкеде өнім бағасы нарықтағы бағадан 10-15 пайыз арзан сатылады.

Супермаркет сөрелеріндегі бағаны қалалық бөлім бақылауда ұстап отыр делік.Бірақ базардағы баға шарықтап тұр. Тұрғындар соңғы кездері бір қап ұн шамамен мың теңгеге, еттің келісі 400 теңге, сұйық май, қызынақ пен қиярдың құны қымбаттап кеткенін айтады.

Заңғар САНАЙ,ТІЛШІ:

Азық-түлік бағасын тұрақтандыру мақсатында алты рет жәрмеңке ұйымдастырылған.Онда 796 тонна арзан өнім сатылған көрінеді. Облыс орталығындағы келесі жәрмеңке қыркүйек айына жоспарланып отыр.