Русский Сайттың толық нұсқасы

"Бір жылдың 300 күнінде жарыс пен дайындықта жүреміз", - Ғ. Қырғызбаев

  • AstanaTV
  • 27 тамыз 2024
  • 215

"Бір жылдың 300 күнінде жарыс пен дайықдықта жүреміз". Париж Олимпиадасының қола жүлдегері, бүгін ғана Мемлекет басшысының қолынан "Парасат" орденін алған Ғұсман Қырғызбаев арнамызға осылай деп сұхбат берді. 

Биылғы Олимпиада оңайға соққан жоқ. Десе де, байрақты бәсекеде дзюдошыларымыз ерекше көзге түсті. Елдос Сметов ел тарихындағы тұңғыш алтынымен қазақ жанкүйерлерінің жүрегін жауласа, Ғұсман Қырғызбаев қола медальмен көпшілікке қуаныш сыйлаған болатын. Саңлақтарымыз жеңісін тек тұрақты еңбектің нәтижесі дейді.

ҒҰСМАН ҚЫРҒЫЗБАЕВ, ПАРИЖ ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ:

Жылына 365 күн болса соның 300 күнінде сбор жарыста жүреді екенбіз. Үйге бір екі күн келіп кеткеніміз болмаса қалған 300 күн сбор жарыста жүргенбіз ғой дайындалып. Бізде енді сбор 3 мезгіл болады білесіздер иә. Таңертең сағат 7 де 6 жарымда бір тренировка, сосын 10 да кешкі 5 те осылай. 0011SC Қазір әлем дамыған ел бәрі физикалық тұрғыда өте мықты дайындалып келеді.

Төрт жылдықтың басты бәсекесінде көк туымызды көкте желбірету оңай іс емес. Ол жерге әлемнің түкпір-түкпірінен мыңның ішінен іріктелген спортшылар келеді. Қалпақпен ұрып алатындар жоқтың қасы.

Олимпиада әрбір спортшының арманы болған соң, оған жету үшін талай сыннан өтеді. Олардың жүріс-тұрысы, ішіп-жемі, ұйқысы қатаң бақылауда болады. Ересектер тәулігіне кемінде 6 сағаттан 10-11 сағатқа дейін созылатын жаттығулар жасайды. Ал жасөспірімдер күніне 4 жарым сағатын белсенді дайындықпен өткізеді.

МАҚСАТ ОСПАНОВ, ОЛИМПИАДАЛЫҚ ДАЯРЛАУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАПКЕРІ:

Қазақстанның ең үздік боксшылары 15-16 жастағы спортшылар. Бұл спортшылар Алла қаласа 28-жылы Лос Анджелесте 20 жасында болады. 20 жасында өздеріңіз білесіздер бізде Бекзат Саттарханов ағамыз чемпион болды, Бахтияр Артаев ағамыз 20 жасында чемпион болды. Және бұлардан да үміт күтеміз. Осындай чемпион болып алда Құдай қаласа олимпиада чемпионы, әлем чемпионы, азия чемпионы болады деп үміттеміз.