Русский Сайттың толық нұсқасы

Семейлік Ромео мен Джульетта жауапқа тартылды

  • AstanaTV
  • 28 тамыз 2024
  • 157

Семейде екі жас жол бойында қарым-қатынастарын анықтамақ болып, сөзге келіп қалған. Оқиға қаланың айналма сол жағалау бөлігінен шығып бара жатқан жолда болған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Абай облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Онда қызбен бірге жол бойында отырған жігіт кешкі уақытта көлік қозғалысының белсенді болуына қарамастан жанжалдасып, дөңгелек астына түсе жаздаған. Жаяу жүргіншілерді полиция қызметкерлері дер кезінде байқап қалған.

«Жігіт жаяу жүргіншілердің қозғалыс ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, қыз уақытша бейімдеу және детоксикация орталығына жеткізілді», - делінген хабарламада.