Русский Сайттың толық нұсқасы

Танымал Чехия спортшысы селфи жасаймын деп көз жұмды

  • AstanaTV
  • 28 тамыз 2024
  • 133

Чех гимнасты Натали Стичова Германиядағы Тегельберг тауынан құлап қайтыс болды. Ол селфи жасағысы келген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

15 тамызда Натали 3 досымен бірге Германиядағы Тегельберг тауына көтерілген.

The Sun хабарлауынша, қыз әйгілі Бавариялық Нойшванштайн сарайының фонында суретке түспекші болған, бірақ төмен қарай құлап кеткен. Ол көптеген жарақаттармен ауруханаға түсті.

21 тамызда Наталидің отбасы мидың зақымдануына байланысты оны тіршілікті қамтамасыз ету жүйесінен ажыратты. Спортшы айналысқан «Сокол Прибрам» спорттық гимнастика клубының ресми парақшасы Наталидің туыстары мен жақындарына көңіл айтып, пост жариялады.

«Біздің тамаша досымыз, гимнаст және жаттықтырушы Натали Стичова қайғылы оқиғадан кейін бізді біржола тастап кеткенін қайғырып хабарлаймыз. Ол 21 тамызда таңғы 5:30-да көз жұмды. Натали мәңгі есте қалады», - деп жазды клуб.

Айта кетерлігі, Натали суретке түскісі келген Германиядағы Нойшванштайн сарайы Уолт Диснейді «Ұйқыдағы аруды» түсіруге шабыттандырған.